Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде Маңғыстау облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Қостанай облыстарында күндіз кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі.
Республикасның батысының, солтүстік-батысының, оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының, шығысының және орталығының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы көптеген өзендерде су деңгейі құбылады, бірқатар өзендерде жаңбырға байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін.