Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Таяудағы тәуліктерде оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы кей өзендерде күннің жылынуымен байланысты мұз қатуының әлсіреуі байқалады; қар астында мұз қатуының әсерінен су деңгейі көтерілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кейбір өзендерінде мұз қатуының салдарынан су деңгейі құбылуы мүмкін. Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.