Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

None
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 29 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклонға байланысты болмақ, жауын шашын болмайды деп күтілуде. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.

Ақмола облысында кей жерде боран соғып, тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе мен түнде Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деген болжам жасалып отыр.

Маңғыстау облысында да кей жерлерде тұман түсіп, соққан жел екпіні сеундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында түнде және таңертең бірқатар аймақтарда тұман түседі, жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетуі ықтимал, қарлы боран соғады.

Павлодар облысында қарлы боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлер тұманданып, шалғай аудандарда жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Боранды жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алдағы екі күнде Қазақстанның су нысандарында мұз қату үдерісі жалғасады.