Қазақстанның басым бөлігінде жайлы метеожағдайлар қалыптасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 2 маусым күні қалыптасатын метеорологиялық жағдайлар Қазақстандағы қалалардың басым көпшілігі үшін жайлы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай жайлы болады.

Талдықорған қаласындағы метеорологиялық жағдай керісінше жайсыз, яғни ауада ластаушы заттар көп болады.

Қарағанды қаласының атмосферасында ластаушы заттар сейіле түседі.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.