Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні найзағай ойнап, жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, республиканың батысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз көп бөлігінде жел 15-20, ұйтқуы 25 м/с-қа күшейеді, кей жерлерде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-қа күшейіп, кей жерлерде найзағай ойнап,, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында желдің ұйтқуы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-қа жетеді,, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі, шаңды дауыл тұруы күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында күндіз жел 17-22, кей жерлерде 26 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшеюі күтіліп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.