Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.