Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, кей өңірде бұрқасын болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, жауын-шашын түседі. Тек шығыста және оңтүстік-шығыста қар жаумайды, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 18 м/с-ға дейін жетіп, күндіз бұрқасын болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді, Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысында, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.