Қазақстанның басым облыстарында ауа райы ыстық
12:37, 08 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым облыстарында ауа температурасы 30-38º деңгейінде тіркелді. «Қазгидромет» РМК хабарлағандай, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде сынап бағанасы 40-43ºС дейін көтеріледі.
Ауа температурасының көтерілуіне Азия аудандарынан өтетін оңтүстік-батыс тропосфералық ағыстар ықпал етті. Сонымен қатар батыстан көшкен атмосфералық фронттар өткінші жауынның жауып, найзағайдың соғуына, бұршақ жаууына, желдің күшеюіне әсер етуде. Бұл батыс пен солтүстік аймақтардағы ауа температурасын төмендетеді