Қазақстанның батыс аумағында 5 ақпан күні боран соғып, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 ақпан күні Қазақстанның басым аумағында қар жаумайды, күн ашық болады, алайда, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күйшейеді, деп хабарлады «Қазгидромед» РМК.

Нақтырақ айтқанда, елміздің солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысындағы кей аумақтарда түман түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде тұман түсуі ықтимал, Жалаңашкөл маңында 18-23, кей тұста 28 м/с-қа дейін жел тұрады. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, 15-20м/с-қа дейін жел соғады. Қызылорда және Атырау облысында түнгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңыстау облысында да кей жерлерде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с-қа дейін жел соғады. Қостанай облысының кей аумақтарында да тұман болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде азадаған боран болуы мүмкін.