Қазақстанның батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарында ыстық ауа-райы сақталады
10:13, 14 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөлігіндегі ауа-райы циклон және оған байланысты атмосфералық фронттың ықпалымен анықталып, жауын-шашын, найзағай, жел тұрады деп күтіледі, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Атырау облысында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде аптап ыстық болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 5 класты ыстықтың қауіпі сақталады, деп хабарлайды метеорологтардың ақпаратына сілтеме жасай отырып Төтенше жағдайлар министрлігі.