деп хабарлайды "Казгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 17-23 м/с жел соғады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде екпіні 15-22 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, 15-20 м/с жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел соғады, күші 17-22 м/с, күндіз екпіні 28 м/с дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтіледі.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.