Республикаыныцң қалған бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-тен 23 м/с-ке дейін ұйтқып, шаңды дауыл көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, орталығында, шығысында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Таяудағы екі тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерінде су деңгейі құбылады. Атырау облысының шегінде Жайық өзенінде, Ресеймен шекарада Есіл өзенінде және Еділдің сағасында көктемгі су тасқынының өрістеуі жалғасады.