Қазақстанның батысында 100-ге жуық бөкен қырылып қалды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Жұма күні Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында бөкендердің өздігінен қырылуы тағы да тіркелді, жергілікті тұрғындар өлген жануарлардың 100 басын тапты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

БҚО-ның кезекші бөліміне күндіз жергілікті тұрғындар Жақсыбай ауылдық округінде бөкендердің 100 бас көлемінде өлекселерін тапқандығы туралы айтып, хабарласқан. Қырылған жануарлардың дені - ересек ұрғашы бөкендер.

Жәнібек ауданының әкімдігі жабайы жануарлардың қырылу себептерін және қырылған жануарлардың санын анықтау мақсатында комиссия құрды.

Төтенше жағдай орнына сонымен бірге, Республикалық ветеринарлық зертхананың Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандары аттанды. Себептер анықталуда.

ҚР ТЖМ, өткен жылы мамыр айында БҚО-да бөкендердің жаппай қырылу оқиғасы болғандығын еске салды. Онда жануарлардың өліміне пастереллез - инфекциялық жұқпасы себеп болды.