АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның базалық отын ресурсы мұнай баламасында шамамен 35 млрд. тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін Халықаралық энергетикалық агенттіктің жарияланымы мен Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің энергикалық саясатын шолуға арналған INOGATE бағдарламасының тұсаукесеріне арналған шарада ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
«Күн мен желді қоспағандағы өндірілетін базалық отын ресурстары мұнай, газ, көмір, уранның жиынтық көлемі шамамен 35 млрд. тоннаны құрайды», - деді В.Школьник.
Министрдің айтуынша, бастапқы энергия ресрустарының ағымдық жылдық өндіріс көлемі уран баламасында 400 млн. тоннаға жетіп отыр.
«Бұл ретте біздің мемлекетіміздің ішкі тұтыну көлемі энергетикалық баламада шамамен 60 млн. тоннаны құрайды», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.