Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде Отан қорғаушы күніне орай салтанатты қабылдау ұйымдастырылды
Шараға Брюссельде аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің елшілері және әскери атташелер, шетелдік дипломатиялық және әскери өкілдіктердің қызметкерлері, НАТО өкілдері және тілшілер қатысты.
Жиналғандарды Қазақстанның Бельгиядағы елшісі және Люксембургтегі ЕО жанындағы миссияның басшысы Алмаз Хамзаев, Бенилюкс мемлекеттеріндегі әскери атташе подполковник Марат Шәймерденов, НАТО жанындағы ҚР ҚМ әскери өкілі Қанат Әубәкіров қарсы алды.
«АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі атынан Қазақстанға жемісті ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін. Бүгін осы шараға қатысқаныма қуаныштымын. Қазақстан АҚШ пен Еуропаның маңызды стратегиялық әріптесі саналады», - деп атап өтті Дж. Сондерс өз сөзінде.
Еуро-Атлантикалық апатқа әрекет ету жөніндегі үйлестіру орталығы басшысының орынбасары, НАТО-ның азаматтық қорғау тобының төрағасы Рагнар Бо да ҚР Қарулы күштерін мерекелерімен құттықтап, Қазақстан мен НАТО-ның ынтымақтастық деңгейін оң бағалады.
Салтанатты қабылдау барысында сурет көрмесі ұйымдастырылып, қазақстандық әскер туралы бейнероликтер назарға ұсынылды.