Беларус елінде тіркелген дипломатиялық корпустың арасындағы жарыс сәуірдің 24-і күні Минскіде өтті. Бұл турнирге Қазақстан Елшілігі мен Беларус Президенті жанындағы Басқару академиясы ұйытқы болды.
Бірнеше кездесудің қорытындысы бойынша финалға Қазақстан Елшілігі мен Беларус Президенті жанындағы Басқару академиясының командалары шығып, ақтық ойында Қазақстан дипломаттары 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.