Мұндай тәжірибе алмасу осымен 17-нші рет табысты жүзеге асырылып келеді.
Алматы қаласындағы №18 лингвистикалық гимназияның директоры Зәуреш Бейсембаева бастаған 15 қазақстандық мектеп оқушылары мен Оберкохен қаласындағы Эрнст-Аббе атындағы гимназияның оқытушылары Рихард Ландфрид пен Гётц Хопфензит басқарған 14 неміс оқушылары жыл сайынғы дәстүр бойынша Германияның астанасын аралады, ҚР Елшілігінің қызметкерлерімен кездесті және 2009 жылғы қыркүйектің 9-ы мен 29-ы аралығында Германияда болғандары туралы әсерлерімен бөлісті.