деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
Қазанның 7-не қараған түні «Ақжол» заставасының шекарашылары Петропавл шекара отрядының учаскесінде үш тоннадай контрабандалық тауар тиелген «ГАЗель» көлігімен Ресейге бет алған қазақстандық азаматты ұстады.
Сондай-ақ Комитеттің ақпараты бойынша, қазанның 6-да Қостанай шекара отрядының «Бозбис» заставасының шекара наряды жүк көлігімен Ресейге бет алған Қазақстанның төрт азаматын қолға түсірді. Көліктің кузовынан контрабандалық тауар - 2 тоннаға жуық металл сынықтары табылған.
Комитеттің деректеріне қарағанда, ұсталған азаматтардың барлығы шекараны өткізу бекетін айналып, заңсыз кесіп өтпек болған. Қазір осы оқиғалар бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.