Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

12 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с, Ақтөбеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болуы ықтимал. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде күндіз жауын - шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Облыс орталығында тұман түседі. Қызылордада тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде боран соғады. Облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.