Жиында жаңа жетекшілер құрамы да бекітілді. «Қысқы спорт маусымы басталды. Яғни, бізде жұмыс көп, ал, уақыт аз. Мен бірінші кезекте осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары үшін Биатлонистер одағының осыған дейінгі басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Біз Қазақстанға аталған спорт түрін дамыту мақсатында алдымызға ауқымды міндеттер қоямыз. Ол үшін бізге қажетті жағдайлардың барлығы бар»,-деді Қизатов жалпы жиын барысында.
Биатлонистер одағының жиынында сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасы Елсияр Қанағатов пен ҚР Олимпиадалық комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасов қатысты.