«Бізде қазіргі кезде ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы белсенді жұмыстар бойынша жаңа кезеңі басталып отыр. Меніңше, бұл жақсы бағыт болып табылады. Білім саласында біз Еуропадағы және АҚШ-тағы үздік тәжірибені алып отырмыз. Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік үздік тәжірибемен қатар өзіміздің ұлттық ерекшеліктерді де ескеріп отырмыз»,-деді министр.
Бұл тұрғыда ведомство басшысы Қазақстанның «Болашақ» бағдарламасының ерекшеліктерін айтып өтті.
Өз кезегінде К. Фэйрфакс бүгінде АҚШ-та оқып жүрген Қазақстан студенттері жалпы мемлекет жайында өте жақсы пікір қалыптастырып отырғандығын ескеріп өтті. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық жастардың білім алу үлгерімі мен ғылымға талпынысы жоғары деңгейде.