Оның айтуынша, Қазақстанның қасиетті жерлерінің картасы немесе мәдени-географиялық белдеудің жасалғаны шетел саяхатшыларының назарын міндетті түрде өздеріне аударады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілгендей киелі жердің тізімі елге келушілердің санын арттырып, туризмінің негізі болып қалыптасуы мүмкін.
«Италиялықтар және жалпы еуропалықтар үшін таңсық жерлерге саяхат жасау жанына жақын болып келеді. Сондықтан Еуропа мен Азияның арасында алтын көпір болған Қазақстанның бірегей тарихы батыс үшін өте қызықты бағыт болары сөзсіз. Бүгінгі таңда мемлекет туризмі жақсы ұйымдастырылған, қауіпсіз ел болып саналады», - деді Италия парламентінің депутаты Эдмондо Чириелли.