Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы денсаулығын түзеуді жалғастыруда. Еске салайық, ол қолының жарақатына байланысты Мадридтегі турнирден, үшінші айналымға жеткен жерінен түсуге мәжбүр болды.
Сондай-ақ турнирге денсаулық жағдайына байланысты француздық Марион Бартоли (әлемнің 14-інші ракеткасы) мен неміс қызы Мона Бартель (29-ыншы) қатыспайды.
Айта кетейік, жарыстарда әйелдер тарапынан Қазақстан намысын Юлия Путинцева ғана қорғайтын болады.
18:05, 12 Мамыр 2013
Қазақстанның бірінші ракеткасы Римдегі турнирге қатыспайтын болды
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Римде өтіп жатқан WTA турнирі «Италияның ашық чемпионатына» қатыспайтын болды.