Жауын-шашын болады деп күтілуде, таудың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі, жел күшейеді, республиканың солтүстік-батысы бөлігінде боран соғады.
Ақмола, Павлодар облыстарында жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін, кей жерлерде боран соғады, Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде аздап боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғады деп күтілуде, тұман түседі, көктайғақ болады 17-22 м/с жел соғады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Маңғыстау, Атырау облыстарының бірқатар жерлерінде көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-23 м/с-ке күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, жел 18-23 м/с-ке күшейеді, жел екпіні 30 м/с-тан асады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке күшейеді.
Жақын тәуліктерде Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінде өзен арналарын реттеу есебінен су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс облыстарының өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі жалғасады.