Қазақстанның бірқатар аймақтарында бүгін ауа райы тұрақсыз болады

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар аймақтарында бүгін ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың кей жерлерінде қар жауады, қатты жел соғып, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облыстарында жел екпіні 25 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, көктайғақ болады. Ал Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында да жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін барады, тұман түседі.