Алматы облысының кейбір аймақтарына тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданы аймағында желдің күші секундына 20-25 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе, Атырау облыстарының бірқатар аумағында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Ақтөбе облысында тұман түседі.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.
Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды түнде және таң ата Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.