Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейіп, 15-20 м/с-қа жетеді, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, кей жерлерде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына ағын көлемі төмендейді.