Концерттер 17 қаңтарда Алматыда - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында басталады. Бұдан кейін турне 20 қаңтарда - Қарағандыда «Шалқма» концерт залында, 23 қаңтарда - Астанада Өнер университетінің орган залында өтеді. Онда И.Брамстың оркестр мен скипкаға арналған концерті орындалады.
Ал 25-30 қаңтар аралығында Көкшетау, Петропавл, Астана қалаларында өтетін концерттерде А.Вивальдидің «Жыл мезгілдері», А.Пьяццолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» шығармалары орындалмақ.
Концерттерге ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Қ.Байжанов атындағы концерт бірлестігінің Қарағанды симфониялық оркестрі, Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларының филармониялық оркестрлері қатысады.
Ержан Құлыбаев алты жасында Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық арнайы музыка мектебіне түсіп, профессор Н.М.Патрушевадан дәріс алды. Он екі жасында Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы орталық арнаулы музыка мектебінде педагог А.В.Ревичтен, Мадридте София Патшайымның жоғары музыка мектебінде профессор Захар Броннан тәлім алды, сондай-ақ Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында магистратурада оқыды.
Ол бес халықаралық конкурста бірінші орынды иеленді. 2011 жылы Генри Венявский атындағы Познаньда өткен скрипкашылардың он төртінші халықаралық конкурсында лауреат атанды.