деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерінде жаңбыр жауады.
Республиканың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, орталығында күн қатты ысиды.
Жақын үш тәулікте Алматы облысының таулы өзендерінде температуралық фонның көтерілуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқулары байқалады.
Бұрын хабарланғандай, 23 маусым күні Алматы, Қарағанды облыстарында күн кейбір жерлерде 40 градусқа дейін ысиды. 23 маусым күні күндіз Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында ауаның температурасы 30-35 градус, кейбір жерлерде 38 градус ыстықты көрсетеді.