Қазақстанның бірқатар облыстарында аптап ыстық болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 шілде күні атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қалған аймақтардажауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді,солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте түнде жәнетаңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау, Павлодар,күндіз Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдіңжылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Ақмола және Шығыс Қазақстаноблыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

СолтүстікҚазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде жәнетаңертең тұман күтіледі. Күндіз Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қаттыыстық түседі; Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарында,Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда,Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар