Қазақстанның бірқатар облыстарында бұрқасынның кесірінен жолдар жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрқасын Қазақстанның үш облысындағы автожолдардың жабылуына себеп болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.

Осылайша, Астанада 10 желтоқсан күні сағат 18-00-ден бастап, Астана-Көкшетау бағыты бойынша барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды. 11 желтоқсан, сағат 13-40-тан бастап, Астана-Павлодар, сағат 15-30-дан бастап, Астана-Қарағанды бағыттары бойынша жолдар барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Ақмола облысында 10 желтоқсан, сағат 12-30-дан бастап, Есіл қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 10 желтоқсан, сағат 18-00-ден бастап, Шортанды-Астана бағыты бойынша, 11 желтоқсан, сағат 13-45-тен бастап, Астана-Ерейментау-Шідертіден Павлодар облысының шекарасына дейін, сағат 15-20-дан бастап Астана қаласы бағытында Қарағанды облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлеріне жол жабық.

Қостанай облысында сағат 18-00-ден бастап ауа райының күрт бұзылуына (бұрқасын, көрініс шектеулі) баланысты Қарағанды облысынан Арқалық қаласына дейін, Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін жолдар жабық.

Павлодар облысында сағат 18-00-ден бастап, бұрқасын мен жолдың көрініс аймағының шектеулі болуына байланысты Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлеріне жол жабық.