Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15/20 м/с-ке дейін күшеюі, Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады. Павлодар облысы шегінде Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан судың мол келуінен өзен деңгейі көтерілуі жалғасады.