Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-22 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде желдің күші секундына 15-22 метрге дейін күшейтілуі сақталады.
Маңғыстау облысында кейбір жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Алматы облысында 30-35 градусқа дейін өте күшті аяз сақталуда.
Жамбыл облысында кейбір жерлерде - 34 градусқа дейін қатты аяз болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде 22-27 градусқа дейін қатты аяз болады деп күтілуде.
Таяу үш тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз қату үрдісі күшейіп, өзендердің арналары көтерілуі мүмкін.
21-23 қаңтар аралығында ауаның төменгі температураларына байланысты Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз кептелісі болып, су деңгейі көтерілуі ықтимал. Соның салдарынан өзендер арналарынан асып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.