Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады.
Еске салсақ, 4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастайды.18:06, 29 Сәуір 2020
Қазақстанның бірқатар өңірінде әуе рейстері жанданады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды.