«Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында Қазақстандағы бірқатар теміржол стансаларының атауы ұлттық сипатына оралды: Алма-Ата-1, Алма-Ата-2-нің орнына Алматы-1, Алматы-2 деп, Кустанай - Қостанай, Осакаровка - Сарыбел, Карьерная - Ортас, Семипалатинск - Семей, Талды-Курган - Талдықорған, Чимкент - Шымкент, Сары-агач - Сарыағаш, Джетісай - Жетісай, Джамбул - Тараз, Саксаульская - Сексеуіл, Казалинск - Қазалы, Джусалы - Жосалы, Тюратам - Төретам, Хор-хут - Қорқыт, Джалагаш - Жалағаш, Кзыл-Орда - Қызылорда, Соло-тобе - Сұлутөбе, Чиили - Шиелі, Тюмень-арык - Төменарық үлгісінде қайта жаңартылды. Жалпы стансалар бойынша 91 атау өзгертілді. Қалың ағайынға құтты болсын айтамыз!» - деп жазды Нұртөре Жүсіп.
10:22, 03 Қараша 2016
Қазақстанның бірқатар темір жол стансасының атауы ұлттық сипатқа ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар темір жол стансасының атауы ұлттық сипатқа ие болды. Бұл туралы «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.