Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қараша күні Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауаның ластануы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.