«Қазақстанның солтүстік облыстарында әлі де суық арктикалық ауа ағындары әсерінен жаңбырлы ауа райы сақталады, түнгі уақыттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Ал оңтүстік циклонға байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы орташа көп жылдық мәнге жуық және одан төмен болады», - делінген хабарламада.
12:40, 24 Сәуір 2019
Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 25-27 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.