Қазақстанның бірнеше өңірінде сулы насындарда қайғылы оқиғалар орын алды
08:45, 27 Маусым 2012
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Атырау облысында Жайық өзенінен ТЖД су-құтқару қызметінің күшімен жас адамның денесі шығарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.
25 жастағы жігіт жексенбі күні суға шомылу кезінде батып кетті.
Кеше кешқұрым, Шығыс Қазақстан облысында №1 жасанды қазаншұңқырға шомылу кезінде 45 жастағы ер адам батып кетті. Ал дүйсенбі күні кешке, ШҚО Риддер қаласындағы Үлбі өзеніне суға түсу барысында 30 жастағы ер адам батып кетті. Оның мүрдесі сейсенбі күні күндіз ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД су-құтқару қызметінің (5 адам және 1 техника бірлігі) күшімен шығарылды.
Судағы қайғылы оқиғалар Алматы облысында да орын алды. Мұнда Сарқанд өзеніне 6 жасар бала батып кетті. Қарағанды облысының Қаражар ауылында қазаншұңқырда шомылған ер адам суға кетті, ал 67 жастағы ер адам - Сәтбаев атындағы арнада мерт болды.