«Кері сатып алу құқығы - Бірыңғай астық холдингіне енген астық өндірушілерді қолдаудың бір түрі. Бірыңғай астық холдингінің концептуалды моделіне сәйкес оның мүшелері оған қатысудан қосымша пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл реттегі пайда - нарықтық конъюктураға байланысты астықты басқару құқығын пайдалану мүмкіндігі. Өздері өндірген астықты Азық-түлік келісімшарт корпорациясын сатқан Бірыңғай астық холдингінің қатысушылар бұл астықты нарықтық баға көтерілген кезде еркін нарықта сату үшін кері сатып ала алады. Бұл жалпыға танылған, астық өсіруші елдерде оң тәжірибеге ие болған тетік», - деді ол өзінің ресми жауабында.
Сонымен қатар ол осы шешім есебінен бірыңғай астық холдингіне қатысушы астық өндірушілердің табысы арта түсетіндігін атап өткен. Аталған тетік әзірлену үстінде. Құжат дайын болған соң Бірыңғай астық холдингі басқарушы кеңесінің шешімімен қабылданып, күшіне енетін болады.