Жаңа қауымдастықтың құрылтайшылары "ЕТС тауар биржасы", "Астана" әмбебап тауар биржасы" акционерлік қоғамдары мен "Қазақ-Тәжік астық компаниясы", "Тorino-06" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Мақсат - Қазақстанда ұйымдасқан нарықты қалыптастыру және дамыту. Қауымдастыққа биржалар, брокерлер мен диллерлер мүше бола алады. Қазақстан биржалық қауымдастығы өз қызметін жүзеге асыру кезінде: биржалық қызметті реттеу жүйесін жетілдіру мен дамытуға ықпал ету; Биржалық операцияларды жүргізудің стандарттары мен тәртібіне қатысты нормаларды жасап, қабылдауды жүзеге асырмақ. Сондай-ақ ұйымдасқан нарықтар қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге; Ұйымдасқан нарықтарда этикалық нормаларды бекіту және кәсіби қоғамдастықты қалыптастыруға; қауымдастық мүшелерімен өзара тәжірибелік байланыстарды орнату және олардың күш-жігерін жалпы бизнес-жобаларды жүзеге асыруға біріктіруге; қауымдастықтың және оның мүшелерін қызығушылықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлмек.
14:45, 22 Қараша 2010
Қазақстанның биржалық қауымдастығы құрылды
АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "ЕТС" тауар биржасы" АҚ-ның баспасөз қызметі 19 қараша күні Алматыда "Қазақстанның биржалық қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтай жиналысы өткені туралы баспасөз мәлімдемесін таратты.