Аталмыш меморандумға Қазақстан тарапынан ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, Үндістаннан Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты - «Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштері» миссиясындағы ҚР Қарулы күштерінің бітімгерлік бөлімшелері үшін құқықтық негізді қалыптастыру, сондай-ақ, аталған мииссияға қатысатын әскери қызметкерлердің құқықтық мәртебесін анықтау.