Қазақстанның бітімгерлік күштері қай миссияларға қатысып жүр
"Бізде "Қазбриг" деген бітімгерлік бригаданың бар екенін жақсы білесіздер. Олар тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары болған жағдайда ғана сан алуан бітімгерлік операцияларға қатыса алады. Осы уақытқа дейін біздің 15 офицеріміз бірнеше бітімгершілік операцияға қатысты. Олардың 11-і қайтып келді. Бүгінде 4 офицеріміз Батыс сахарада Біріккен Ұлттыр Ұйымы өткізетін референдумда бақылаушы ретінде қызмет атқарып жүр", - дейді Әбдірахманов.
Министрдің айтуынша, қазақстандық офицерлердің дайындығына жоғары баға беріліп жатыр. Осы уақытқа дейін біраз марапаттар да болды. Ал елге қайтып келген сарбаздар лауазымы жағынан көтерілді.
Айта кетейік, бүгінгі сессияда министр Қайрат Әбдірахманов Сирия мәселесін шешу жолында Қазақстанның саяси ықпалға түспейтінін жеткізді. Астана процесінің өзі еліміздің ортақ іске қосқан үлкен үлесі болып саналады. Ал қақтығыс аймақтарына әскер жіберу мәселесі тек БҰҰ деңгейінде ғана қаралуы шарт . Қазіргі кезде Мемлекет басшысы ұсынған Астана кодексінің жобасы БҰҰ-да дайындалып жатыр .