Ерлер арасында жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс және екі қола — жалпы тоғыз медаль жеңіп алды. Мұхамметсабыр Базарбайұлы (49 кг), Махмұт Сабырхан (52 кг), Бейбарыс Жексен (56 кг), Дархан Дүйсебай (64 кг), Тоғамбай Сағындық (91 кг) және Аманат Сабырғали ( 91 кг) Азия чемпионы атанса, Азамат Бектас (75 кг) күміс жүлдегер болды, ал қола медальды Марғұлан Айдарұлы (69 кг) мен Ерасыл Жакпеков (81 кг) қоржынға салды.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстан мен Жапония командаларын артқа тастады.
Бокстан жастар арасындағы 2019 жылғы Азия чемпионатының үздік үш командасы:
1. Қазақстан — 6-1-2 (9)
2. Өзбекстан — 3-3-2 (8)
3. Жапония — 1-0-2 (3).