ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық боксшылар алтын медальсыз аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасынан финалда Алуа Балқыбекова (48 келі) сынға түсті .
Ол түркиялық Айше Чагирирмен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласына есе жіберіп қойды.
Осылайша әлем чемпионатын Алуа Балқыбекова күміс медальмен аяқтады.
Еске салсақ, жартылай финалда қарсыластарына жол берген Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ одан бұрын Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) , Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыс жолынан шыққан еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.