Қазақстанның намысын 20 боксшы қорғайды. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді. Боксшы қыздарымыздың арасында Алина Тұрлыбаева, Алуа Балқыбекова, Дина Жоламан, Рано Парxатова, Сәния Сұлтанқызы, Айжан Қожабекова, Назым Есжанова, Римма Волосенко, Мадина Нұршаева, Әлия Әбдірайымова, Валентина Хальзова, Зура Құсайынова, Фариза Шолтай, Виолетта Князева, Мөлдір Базарбаева, Ляззат Күнгейбаева және Умида Садықовалар бар. Сондай-ақ Азия чемпионы Жайна Шекербекова, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай мен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова бар.
Қазақстанның бокс федерациясының ақпартына сәйкес, наурыздың 7-сіне дейін жалғасатын xалықаралық турнирге Ресей мен Украинаның боксшылар қатысады.