Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы С.Әбдікәрімов Пловдивке сапары барысында «Еуропаға жол» бағдарламасын таныстырды

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Сержан Әбдікәрімов кеше елдің ірі өнеркәсіптік орталығы болып табылатын Пловдив қаласына сапар жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы істер ведомствосына сілтеме жасап. Сапар аясында дипломат Пловдив облысының басшысы Тодор Петковпен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауы мен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының негізгі тараулары, Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының міндеттері таныстырылды, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды және Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығының басымдықтары сөз болды. Сапар барысында сондай-ақ Пловдив аудандарының басшыларына, сауда-өнеркәсіптік қауымдастықтар мен бизнес-топтардың өкілдеріне арнап «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы мен оны жүзеге асыру жоспарының таныстырылымы өткізілді.