Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі тағайындалды
16:00, 29 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.