Қазақстанның БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне сайлануы - адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін дамытуға бағытталған жоспарлы жұмыстың нәтижесі - А.Шәкіров
- деп атап өтті Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашада Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-сессиясында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне (БҰҰ АҚК) сайлау өтті, онда Қазақстан алғаш рет Кеңес мүшесі болып сайланды. ҚР СІМ ақпараты бойынша, Қазақстанның кандидатурасына 183 мемлекет дауыс берді. БҰҰ АҚК 2006 жылғы 15 наурызда құрылды және Адам құқықтары жөніндегі комиссияның орнын ауыстырып, адам құқықтарын қорғау саласындағы жетекші халықаралық орган болып табылады.
Қазақстандық омбудсмен айтқандай, біздің еліміз базалық халықаралық құқық қорғау құжаттарының көпшілігіне қосылды. Адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін нормативтік және институциональдық база, сонымен бірге азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасалды.
Қазақстанның Кеңеске қабылдануы халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның гуманитарлық саладағы қызметіне оң бағаны қуаттайды.
А.Шәкіровтің пікірінше, Адам құқықтары кеңесіне мүшелік Қазақстанның БҰҰ-ның маңызды құқық қорғау ұйымдарының бірінің ауқымында оның қызметіне бұрынғыдан да неғұрлым белсенді қатысуға, халықаралық құқық қорғау қоғамдастығына ықпалдасуды жеделдетуге және бұл саладағы оң тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Кеңеске мүшелік әр азаматқа Конституциямен және заңдармен кепілдендірілген құқықтарын тиімді жүзеге асыруды одан әрі қамтамасыз етуде бұрынғыдан да зор жауапкершілікті талап етеді.
Жоғарыда айтылған тұрғыдан алғанда, 2002 жылы Қазақстанда Омбудсмен институты құрылуы мемлекеттің прогресс жолымен ілгерілеуге ұмтылған берік жігерін көрсетеді.
Бүгінде Омбудсмен Қазақстандағы, сондай-ақ шетелдердегі құқық қорғау ұйымдарының кең ауқымымекн сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асыруда. Мемлекеттік органдар жүйесіндегі бірегей рөлі оның елдегі адам құқықтары туралы шынайы, біржақты пікірден ада көзқарасты қалыптастыруына мүмкіндік береді.
2012 жылы қазақстандық ұлттық құқық қорғау мекемесі БҰҰ-ның ұлттық құқық қорғау мекемелерінің халықаралық үйлестір комитетінде ойдағфдай тіркеуден өттің. Бұ оқиғаны да мемлекеттік құқық қорғау тетіктерінің тиімді қызметі үшін жағдай туғызу жөніндегің күш-жігерін тану ретнде қарау қажет.