«Алғашқы жартыжылдықта Қазақстанның азаптауларға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясына азаптау және өзге де заңсыз қатынас түрлері туралы 201 арызтүскен. Олардың 35-іадамның ар-намысын қорлау, 39-ы қатыгездік қатынас, 127-сіазаптаулар бойынша. Жалпы Азаптауларға қарсы ҮЕҰ Коалициясы 2011 жылы - 411, 2012 жылы - 362арызды тіркеген болатын», - дейді Адам құқықтарын қорғау мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры, Азаптауларға қарсы коалицияның үйлестірушісі Роза Ақылбекова.
17:21, 26 Маусым 2013
Қазақстанның БҰҰ Азаптауға қарсы конвенциясына қосылғанына 15 жыл болды
АЛМАТЫ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін құқық қорғаушылар Алматы мен еліміздің өзге де 11 аймағында азаматтарды азаптау мен абыройды кемсітетін өзге де рақымсыздықтың Қазақстандағы жағдайына баға берді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 52/149 қарарымен 1997 жылдың 26 маусымы Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні деп жарияланған. Бұл - азаптауға және адам абыройын кемсітетін өзге де қатігез, рақымсыз немесе солардың басқа да түрлері мен соған сәйкес жазалауларды толықтай жою және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған күн.