Бұл жайында сыртқы саяси ведомствоның Telegram парақшасынан белгілі болды.
Кеңес төрағасы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің атынан жасаған мәлімдемесінде бұл шешімді «шынайы тарихи оқиға» деп атады.
«Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмысының барлық салаларына маңызды үлес қоса алатынына күмәнім жоқ», - деп мәлімдеді ол.
Ол сондай-ақ:
«Кеңес мүшелері Қазақстан бейбітшіл, БҰҰ Жарғысында қамтылған міндеттемелерді орындауға қабілетті және дайын мемлекет бола отырып, Жарғының қағидаттарында қамтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға белсенді және сындарлы ықпал ететініне сенімді», - деп атап өтті.